«Жетісу» ресейлік шабуылшымен келісімшартқа отырды

34 жастағы ресейлік шабуылшы Максим Житнев Талдықорғанның «Жетісу» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Максим Житнев кәсіпқой мансабында ресейлік «Распадская», «Сибирь», «Кубань», «Томь» және «Новосибирск» клубтарында, қазақстандық «Ертіс» және «Елімай» және беларусьтік «Макслайн» және «Нафтан» клубтарында өнер көрсетті.
Өткен маусымда ол 28 матч өткізіп, 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или