Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (215 ATP) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық ширек финалда швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (172 ATP) кездесіп, 6:3, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды.
Жартылай финалда Бейбіт австралиялық Джеймс Даквортпен (95 ATP) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или