Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалдық кездесуінде аргентиналық Тиаго Агустин Тирантені 6:1, 6:4 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы франциялық Гюго Гренье болады. Попко мен Гренье арасындағы кездесу 30 наурызда, Қазақстан уақыты бойынша сағат 5:00-де өтеді.
Мексикадағы турнирдің жүлде қоры 200 000 доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или