Софья Самоделкина олимпиада лицензиясын ұтып алды

Софья Самоделкина олимпиада лицензиясын ұтып алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 117,78 ұпай жинады. Жалпы сомасы – 181,36 ұпай.

Нәтижесінде жарысты 14-орынмен аяқтады.

Жеңісті америкалық Алиса Лью (222,97) иеленді. Екінші орынға жапониялық Каори Сакамото (217,98) тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір жапониялық спортшы Монэ Тиба (215,24) қорытындылады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или