«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы беларусьтік командаға ауысты

«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы беларусьтік командаға ауысты

«Ордабасы» мен «Мақтаарал» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы 31 жастағы ивуарлық Секу Думбия Беларусьтің «Сморгонь» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Секу Думбия Қазақстанда 2022 және 2023 жылдары «Ордабасы» мен «Мақтаарал» сапында ойнаған. Ойыншының мансабында беларусьтік «Слуцк», ресейлік «Тамбов» және «Армавир», сондай-ақ израильдік «Хапоэль» мен «Маккаби» бар.

Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 30 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или