«Бейбарыс» шабуылшысымен келісімшартты ұзартты

«Бейбарыс» шабуылшысымен келісімшартты ұзартты

«Бейбарыс» шабуылшы Юсуп Асухановпен келісімшарт ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісім тағы бір маусымға есептелген.

Өткен маусымда 24 жастағы павлодарлық хоккейші «Бейбарыс» сапында Қазақстан тұрақты чемпионатында 38 матч өткізіп, 12 (7+5) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде «Алматы» қатарында 7 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или