Алекс Перейра келесі жекпе-жекті тек Анкалаевпен өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Жартылай ауыр салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы, бразилиялық Алекс Перейра келесі жекпе-жегін тек ресейлік Магомед Анкалаевпен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар 8 наурызда кездескен болатын. Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 313 турнирінде өткен кездесуде ресейлік спортшы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанған.
«Әрине, мен онымен реванш өткізгім келеді және басқа ешқандай жекпе-жекке келіспеймін. Мен бұған бүкіл еңбегім үшін лайықтымын деп ойлаймын. Бірақ қазіргі уақытта ұйыммен сөйлескен жоқпын. Бірақ мен дайын боламын. Бұл сәтті асыға күтемін. Бұл, сөзсіз, басқа жекпе-жек болады», – деді Перейра YouTube-тегі The Ariel Helwani Show арнасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или