Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Зейнеп Баянова Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер күресінен 53 келі салмақта күш сынасқан Зейнеп Баянова үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте моңғолиялық Отгонтуя Чинболдты 10:6 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, бүгін 72 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жамиля Бақбергенова финалда өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или