«Барселона» үш ұпайынан қағылуы мүмкін

«Барселона» үш ұпайынан қағылуы мүмкін

«Осасуна» Иньиго Мартинестің кешегі матчқа қатысқанына наразы және ресми түрде RFEF-ке шағымданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» ойыншысы «Осасунаға» қарсы матчқа (3:0) медициналық болжам бойынша дайын болмауы тиіс еді

FIFA ережесі бойынша жарақатына байланысты құрамаға бармаған немесе кетуге мәжбүр болған ойыншыға халықаралық үзіліс аяқталғаннан кейін кемі бес күн ойнауға болмайды екен.

«Осасуна» бұл жағдайды ереже бұзу деп санап, матч нәтижесін қайта қарауды сұрап отыр. «Барсаға» техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.

Ал Иньиго оң жақ тізесіндегі жарақатқа байланысты Испания құрамасының ойындарына қатыспаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или