Маңғыстаулық балуан Арменияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

Маңғыстаулық балуан Арменияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

Маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев Арменияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Otpannews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ереванда Лева Варданянды еске алуға арналған халықаралық турнирде жерлесіміз финалға дейін жеткен еді. Алайда шешуші сында жерлігікті балуанға есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Дәстүрлі жарысқа биыл 11 елден 200-ге жуық балуан қатысқан. Лева Варданянды еске алу турнирі Ереванда қатарынан төртінші жыл қатарынан өтіп отыр.

Айта кетейік, Лева Варданян Арменияның талантты жас балуандарын тәрбиелеп, әлемдік және еуропалық чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған білікті бапкер.

Камиль Куруглиев өткен жылы ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, жыл соңында U20 санатындағы әлем чемпионатында 92 келіде қола медальға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или