Азия чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова алтынға таласады.

Азия чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова алтынға таласады.

Иордания астанасы Амманда әйелдер күресінен Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фурутиді 3:2 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, екеуі 2021 жылғы Ослодағы әлем чемпионатының финалында күрескен. Ол кезде Масако ұтқан еді.

Финалдар кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны Юци Лю болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или