Тағы бір қазақстандық ММА жауынгері Дана Уайт лигасымен келісімшартқа отырды

Тағы бір қазақстандық ММА жауынгері Дана Уайт лигасымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық жауынгер Данияр Шахаров UFC президенті Дана Уайттың жаңа лигасының ауыр дивизионының ростерін толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап

OCTAGON лигасының бұрынғы жауынгері Шахаров өзінің мансабын Power Slap лигасында жалғастырады. Шахаровтың дебюттік жекпе-жегі осы жылдың мамыр айында өтеді деп күтілуде. Қазақстандық 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Power Slap – бұл UFC президенті Дана Уайттың қолдауымен 2022 жылы құрылған слэп-жекпе-жектің кәсіби лигасы. Бұл спортта екі қатысушы біреуі бас тартқанша кезек-кезек бір-бірін ашық алақанмен бетінен ұрады.

Данияр өз кезегінде осы форматтағы жекпе-жекте тәжірибесі бар. Ол Рамазан Рамбердиевтің «Шапалак шоуында» үш рет өнер көрсетті және барлық жекпе-жектерде қарсыластарын нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или