ВТБ Біріккен лигасы: «Астана» сырт алаңда жеңіске жетті

Бүгін елордалық «Астана» баскетболшылары үшін ВТБ Біріккен лигасының ағымдағы маусымында тарихи кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» баскетбол клубы сырт алаңда Самара командасын ұтты – 74:72 (24:16, 16:22, 16:16, 18:18).
Америкалық Даниэль Утоми матчтың ең соңында еркін лақтырған доптарды голға айналдырып, жеңісті қамтамасыз етті.
Қазақстандық команда сапындағы ең нәтижелі ойыншы Данила Походяев болды (18 ұпай).
Бұл жеңіс Қазақстан астанасы командасының биылғы маусымдағы екінші жеңісі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или