Михаил Шайдоров АҚШ-тағы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Михаил Шайдоров АҚШ-тағы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз өнері үшін төрешілерден 94,77 ұпай алды. Бұл нәтиже оған уақытша үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып Илья Малинин (АҚШ) 110,41 ұпаймен аяқтады. Екінші орын жапондық Юма Кагиямаға бұйырды – 107,09.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или