Ла Лига: «Барселона» ірі есеппен жеңіске жетіп, бірінші орнын нығайтты

Ла Лига: «Барселона» ірі есеппен жеңіске жетіп, бірінші орнын нығайтты

«Барселона» мен «Осасуна» кездескен Испания Примерасының 27-ші турының ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Барселонадағы Olympic Lluís Companys стадионында өтті. Кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

11-минутта «Барселонаның» шабуылшысы Ферран Торрес есеп ашты. 21-минутта жартылай қорғаушы Даниэль Ольмо пенальтиді голға айналдырып, «блаугрананың» басымдығын нығайтты. 77-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Роберт Левандовски қорытынды есеп тіркеді.

«Барселона» Испания чемпионатында бірінші орында. Ханс-Дитер Фликтің командасы 28 ойында 63 ұпай жинаған. «Осасуна» 28 ойыннан кейін 33 ұпай жинап, 14-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или