Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияға жол берді

Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Португалияда өтіп жатқан 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«3» тобындағы бірінші тур матчында Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Кездесуде Франция құрамасы 1:3 есебімен басым түсті. Франция сапында Юнес Оубрик, Юбе Мохамед Адам және Элиотт Кольски голдың авторы атанды. Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды 19-минутта Алязиз Камалов соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или