Жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы екі ықтимал қарсыласын атады

Жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC-дің экс-чемпионы, грузиялық Илия Топурия келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің барлық жаттығуларым Ислам [Махачев] пен Чарльз [Оливейраға] бағытталған, себебі басқа қарсыластарды қарастырмаймын. Олардың ешқайсысы қызығушылық танытпайды... Бұл – қорқыныштың белгісі, бәріміз мұны білеміз және бұл қалыпты нәрсе. Мен де қорқар едім», – деді Топурия журналистерге берген сұхбатында.
28 жастағы Илия Топурия UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетеді. Ақпанда өткен UFC 298 турнирінде ол аустралиялық Алекс Волкановскиді екінші раундта нокаутқа жіберіп, чемпион атанды. Кейінгі жекпе-жегінде ол Әбу-Дабидегі (БАӘ) UFC 308 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын алғаш рет қорғады.