Спорт саласында үнемделген қаражаттың біраз бөлігі балаларды дамытуға бағытталады

Спорт саласында үнемделген қаражаттың біраз бөлігі балаларды дамытуға бағытталады


ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жаңа ереже аясында футбол клубтарынан үнемделген қаражат балалар спортына бағытталатынын айтты.

— Біздің ойымызша, футбол клубтарына лимит пен шектеулі жалақыны белгілеу нәтижесінде үнемделетін қаражат бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады, — деді С. Жарасбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Клубтарды қаржыландыруға лимит белгілеу мәселесі қазіргі кезде Спорт министрлігі жанындағы жұмыс тобында қаралып жатыр.

— Заң жобасын қабылдау регламентіне сәйкес, заңға қол қойылғаннан кейін 2 айдың ішінде біз нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуіміз керек. Олардың негіздері дайын, біз оларды барлық федерациялармен талқылап жатырмыз. Түрлі ұсыныстар бар, — деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или