Әлем чемпионаты: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Әлем чемпионаты: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Бостон (АҚШ) қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды.

Турнир аясында әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан қысқа бағдарлама жарыстары өтті.

Бұл бағдарламада ел намысын Софья Самоделкина қорғады.

Спортшы өз өнері үшін 63,58 ұпай жинап, аралық есепте 13-орынға жайғасты.

Көш басында – АҚШ өкілі Алиса Лью (74,58 ұпай).

Еркін бағдарлама 29 наурызға қараған түні өтеді.

27 наурызда, жарысқа ерлер қатысады. Қазақстан атынан Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Қысқа бағдарлама жарыстары Астана уақытымен 20:05-те басталады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или