Шавкат Рахмонов уақытша әлем чемпионы титулына төбелесуі мүмкін

Шавкат Рахмонов уақытша әлем чемпионы титулына төбелесуі мүмкін

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-дің жартылай орта салмағындағы рейтинг көшбасшысы Шон Брэдимен (18-1) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Шавкаттың бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.

Айта кету керек, қазақ файтерінің келесі жекпе-жегі чемпиондық титул үшін болады деп күтілуде. Десе де, жоспар аяқасты өзгеріп кетуі ғажап емес дейді Базров.

«Дана Уайт Шавкаттың келесі жекпе-жегі чемпиондық белбеу үшін болады деп айтқан. Алдымен Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена титул үшін өзара төбелеседі. Біз қай жеңгенімен жекпе-жек өткіземіз. Әрине, бәрі біз ойлағандай болмауы мүмкін, біреуі ауырып немесе жарақат алып қалуы мүмкін. Ондай болған жағдайда біз Брэдимен уақытша чемпион белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін шығармыз», - деді Базров «Спорт Шредингера» YouTube-каналына берген сұхбатында.

Еске салайық, Шон Брэди қазір жартылай орта салмақ дивизионында бірінші орында тұр. Ол 22 наурызда UFC Fight Night 255 турнирінде экс-чемпион Леон Эдвардсты жеңді.

Ал, Шавкат Рахмонов болса рейтингте үшінші келеді. Соңғы рет ол октагонға былтыр желтоқсанда шығып, Иэн Гэрриді жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или