Елдос Сметовтің еліміздегі басты қарсыласы сәбилі болды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мағжан Шамшадин шаңырағында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшының жақындары желіде құттықтап, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Шамшадин әзірге сәбиінің ұл әлде қыз екені туралы ақпаратты жарияламады.
Бүгінде танымал спортшы 60 келіде әлемдік рейтингте 20-шы орынға жайғасқан. Ол Париж Олимпиадасының қарсаңында Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаевпен бәсекелесіп, спаррингтік белдесуге шыққан еді.
Сондай-ақ, қызылордалық балуан бірқатар халықаралық жарыстарда жүлдегер атанды. Былтыр мамыр айында Душанбе Гранд Слэмінде қола медальға ие болса, сондай-ақ, ол 2024 жылдың қараша айында ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или