ФИФА 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының рекордтық жүлде қорын бекітті

ФИФА 2025 жылғы жаңа клубтар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорының бөліну схемасын ресми түрде бекітті. Жалпы жүлде қоры – 1 миллиард доллар. Оның 525 миллионы турнирге қатысу үшін, ал 475 миллионы спорттық жетістіктерге байланысты бөлінеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдегі ең жоғары жүлде – 125 миллион доллар.
Еуропалық клубтар ең үлкен төлем алады, сомасы рейтингке байланысты 12,81 миллионнан 38,19 миллион долларға дейін өзгереді. Оңтүстік Америка өкілдері 15,21 миллион доллар алады, Азия, Африка және КОНКАКАФ клубтарына 9,55 миллион доллар беріледі. Океания командалары 3,58 миллион доллар алады.
Сонымен қатар, ФИФА клубтық футболды дамытуға бағытталған жаһандық инвестициялық бағдарламаны іске қосты. Оның аясында әлемдегі клубтарды қолдау үшін 250 миллион доллар жиналмақ.