«Атырау» ФК жетекшілік тізгінінде өзгерістер болғанын мәлімдеді

«Атырау» футбол клубы жетекшілік тізгінінде өзгерістер болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Басшылықтағы ауыс-түйістер жайында ресми хабарлама.
«Атырау» футбол клубының жетекшілік тізгінінде өзгерістер орын алғанын ресми хабарлаймыз.
«Атырау» ОФК» ЖШС сенімгерлік басқармасында құрылтайшылар болған Жасын Хадербайұлы Хабибуллин мен Сержан Манасұлы Манасов өз орындарын босатып, олардың қызметіне Темірхан Бауыржанұлы Сәрсенғалиев пен Дияс Сайлауұлы Елеусенов тағайындалды.
Сондай-ақ клуб директоры Жандос Сабырұлы Бектемір мен бас менеджер Манарбек Шайдуллаұлы Ержанов өз еркімен лауазымдарынан кетті.
«Атыраудың» дамуына қосқан үлесі үшін жоғарыда аталған жетекшілерге зор алғыс білдіреміз», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или