Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта мәскеулік командаға есе жіберді

Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта мәскеулік командаға есе жіберді

Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан бүкілресейлік жарыстың финалдық кезеңінде Оралдың «Ақжайығы» үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы «Кузбасс» мұз сарайында батысқазақстандықтар «Динамо-2» (Мәскеу) командасымен ойнады. 

Бастапқыда «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев есеп ашқанымен, мәскеуліктер 4:1 есебімен алға шықты. Оралдықтар есепті барынша қысқартқанымен, жеңіс «Динамо-2» клубының еншісінде кетті — 8:6.

Ойын барысында оралдық командадан Максим Пахомов қос голдың авторы атанса, М.Өтебалиев тағы бір рет мергендігімен көзге түсті. Павел Чебаков пен Дәурен Оралов та құр кетпеді.

Николай Шавалдин шәкірттерінің А тобында бір ғана ойыны қалды. Ертең олар «Строитель» (Сыктывкар) командасымен айдынға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или