Бразилия құрамасы 11 жыл бұрынғы антирекордын қайталады

Бразилия құрамасы 11 жыл бұрынғы антирекордын қайталады


Бүгін, 26 наурыз күні Буэнос-Айресте 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матч өтті. Аргентина құрамасы өз алаңында Бразилияны 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Журналист Алексис Бласкестің мәліметінше, Бразилия құрамасы ресми ойында алғаш рет 2014 жылдан бері қақпасына төрт немесе одан да көп гол жіберіп отыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Бразилия өз жерінде өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Германиядан 1:7 есебімен ұтылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или