Самородов ерекше нәтижеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Лихтенштейнмен өткен кездесуде (2:0) керемет ойын өрнегін көрсетті. Ол 42-минутта өзі есеп ашып, араға үш минут салып Александр Марочкинге гол соғуға мүмкіндік жасады.
Flashscore.com сайты Самородовтың осы ойынын өте жоғары бағалап, ең жоғарғы балл — 10.0 ұсынды. Бұл – матчтағы ең үздік көрсеткіш.
Айта кетейік, бұл жеңіс — Қазақстан құрамасының жаңа іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін команда Уэльске (1:3) жол берген болатын. Келесі ойын 9 маусымда өтеді — қарсылас Солтүстік Македония құрамасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или