Жукаев пен Попко Мексикада рейтингте жоғары тұрған қарсыластарын жеңді

Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жукаев пен Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан турнирде жеңіспен бастады. Әлемдік рейтингте 215-орында тұрған Жукаев алғашқы айналымда австриялық Юрий Родионовпен (197-орын) кездесіп, оны екі сетте-ақ шаң қаптырды — 6:1, 6:3.
Ал Попко (245-орын) француз Теренс Атманмен (180-орын) тартысты матч өткізіп, үш сетке созылған ойынның нүктесін өзі қойды — 7:6, 6:7, 6:3. Айта кетейік, екі матчта да қарсыластар фаворит саналған еді.
Морелиядағы «челленджер» турнирінің жүлде қоры — 200 мың доллар. Жеңімпаз 28 400 доллар қаржылай сыйақыға және 125 ATP рейтингілік ұпайына ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или