Иран - Өзбекстан матчында әлем чемпионатына шыққан команда анықталды

Футболдан Иран мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының Азия іріктеуінің үшінші кезеңі топтық кезеңінің сегізінші туры аясындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Тегерандағы (Иран) «Азади» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтардың голдарын Хожимат Еркінов (16-минут) пен Аббосбек Файзуллаев (53-ші) соқты. Ирандық Мехди Тареми дубль (52 және 83-минуттар) авторы атанды.
Осылайша 20 ұпай жинаған Иран құрамасы «А» тобында бірінші орынды қамтамасыз етіп, іріктеу кезеңінің үшінші кезеңінің аяқталуына екі тур қалғанда мерзімінен бұрын 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Өзбекстан 17 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында. Еске салайық, А тобында Иран, Өзбекстан, БАӘ, Катар, Қырғызстан және Солтүстік Корея бар.