«Реал» ағылшындық қорғаушыны қатарына қосады

«Реал» ағылшындық қорғаушыны қатарына қосады

Мадридтік «Реал» «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александр-Арнольдпен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы футболшының мадридтік клубпен келісімі бес жылға жасалады және қорғаушы еркін агент атанған соң, клуб сапына 1 шілдеде қосылады.

Клуб Александр-Арнольдқа салық төлегенге дейін бір маусымға шамамен 15 миллион еуро ұсынуға дайын екені атап өтілді. «Ливерпульде» футболшы жылына 11 миллион еуро алады.

Александр-Арнольд «Ливерпуль» сапында 2016 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Клуб сапында барлығы 349 матч өткізіп, 22 гол соғып, 87 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или