Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап

Астаналық теннисші Кирилл Герасименко Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын хабарлады.

Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.

Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или