Георгий Жуков жанкүйерлерден кешірім сұрады

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қытайда ойнаған тұста ұлттық құрамаға келе алмайтын айтқан болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жағдай сол кездегі бас бапкер Магомед Адиев пен жанкүйерлерге ұнамаған еді. Футболшы кешірім сұрау керек болса дайын екенін айтты.
«Құжаттармен ешқандай мәселе жоқ. Ұлттық құрамаға шақыртуымды ұзақ күттім. Мен ешқашан құраманың намысын қорғаудан бас тартамын деп айтқан емеспін. Қытайда карантин болды – бұл менің жауапкершілігімдегі нәрсе емес. Құрамаға шақыртуды еңбегіңмен дәлелдеу керек. Өз тарапымнан айтарым, маған тағы да ел намысын қорғауға мүмкіндік бергені үшін бас бапкерге алғыс айтамын. Егер бұрынғы сөздерім біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын»– деді Жуков матч алдындағы сұхбатында.
Лихтенштейн мен Қазақстан құрамалары арасындағы іріктеу ойыны 26 наурызға қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады.