Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

Аммандағы (Иордания) Азия біріншілігінде грек-рим күресі бойынша белдесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімхан Сыздықов (130 кг) жартылай финалда өзбекстандық Темурбек Насимовті жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ирандық Фардин Хедайатимен белдеседі.

Еске сала кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған.

Шамиль Ожаев (87 кг) пен Сұлтан Әсетұлы (63 кг) жартылай финалда жеңілді. Енді қолаға таласады. Cондай-ақ жұбаныш белдесу арқылы мүмкіндік алған Ербол Қамалиев та қола медаль үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или