Қазақстандық ММА жауынгері ұлтаралық алауыздық тудырмауға шақырды

Танымал қазақстандық ММА жауынгері, сондай-ақ сериалдар мен кино актері Еркебұлан Тоқтар (10-3) Өзбекстаннан келген өзінің принципті қарсыласы Одилхон Камоловпен (6-4) күтпеген жерден туындаған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тоқтардың пікірінше, оның қарсыласы олардың Алматыдағы OCTAGON лигасының конференциясындағы қақтығысын асыра сілтеп, ұлтаралық алауыздықты өршітуге тырысуда.
Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов торда бір-бірімен екі рет кездескен және қазіргі уақытта жеке кездесулер бойынша 1:1.
Айта кетейік, 19 сәуірде Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді, онда ең жеңіл салмақ дәрежесінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Аян Тұрсын (7-0) қырғызстандық Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.
Турнирдің бас демеушісі – UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink