Иран vs Өзбекстан: Топ көшбасшылығына талас

2025 жылдың 25 наурызында Тегерандағы «Азади» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің 8-туры аясында Иран мен Өзбекстан құрамасы кездеседі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Турнир кестесі
Иран өз тобында сенімді түрде көш бастап келеді. 7 турдан кейін команда 19 ұпай жинап, қарсыластарынан біршама алда тұр. Иран құрамасы қарсыластар қақпасына 14 гол соғып, өз қақпасына 5 гол ғана өткізді.
Ал Өзбекстан 16 ұпаймен топта екінші орында тұр. Қорғаныстағы мықты ойынға қарамастан (7 матчта 5 гол ғана жіберген), команданың шабуылы нәтижелі емес – турнирде тек 9 гол соқты. Бірақ өзбек құрамасы әлем чемпионатына жолдама алуға біршама жақын тұр.
Команда жағдайы
Иран сәтті өнер көрсетіп жүр. Бұған дейінгі ойында БАӘ командасын 2:0 есебімен сенімді ұтты. Ал оның алдында Қырғызстан (3:2) және КХДР-дан (3:2) басым түскен. Кейінгі бес кездесуде команда төрт рет жеңіске жетіп, 12 гол соқты және 5 гол жіберіп алды.
Өзбекстан да кейінгі үш кездесуінде жеңілмей, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Команда Қырғызстанды жеңіп (1:0), Иорданиямен тең түсті (0:0) және Солтүстік Кореядан (1:0) басым түсті. Кейінгі бес кездесуде өзбектер үш рет жеңіске жетіп, өз қақпаларына үш гол ғана өткізді.
Өзара кездесу
Қос құрама арасындағы теке-тіресте Иран үстем орында тұр. Командалар арасындағы кейінгі бес матчта Иран екі рет жеңіске жетіп, үш рет тең есеп тіркелген. Өзбекстан Иранды соңғы рет 2012 жылы жеңді.
Анализ және болжам
Иран шабуыл мен қорғаныста сенімді өнер көрсетіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті өткізіп жатыр. Команда қапталдан ұрымтал шабуылға жиі шығып, қарсыластарын қыспаққа алады.
Өзбекстан құрамасы өз кезегінде сенімді қорғанысымен мақтанады. Бірақ команда шабуылы аса күшті емес, бұл Иранмен кездесуде негізгі фактор болуы мүмкін.
Алаң иелері алғашқы минуттардан бастап басымдылықты өз қолына алса, қонақтар қарымта шабуылға иек артуы мүмкін. Статистикаға және командалардың қазіргі формасына сүйене отырып, ойында көп гол соғылмайды деген болжам айтуға болады.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі алдағы матчқа мынадай коэффициент ұсынып отыр: 1.90 – Иранның жеңісі, 5.40 – Өзбекстанның жеңісі. 2.90 – матч тең аяқталады. Осыған қарап-ақ бұл кездесуде Иран фаворит екенін аңғаруға болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.