«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы ирандық командаға ауысады

«Ордабасы» клубының бұрынғы өзбек шабуылшысы Жасур Яхшибоев Иранның «Нассажи» командасына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін шабуылшы Польшаның «Легия», Молдова «Шерифі», «Шахтёр», сондай-ақ өзбекстандық «Навбахор» мен «Пахтакор» клубтарында өнер көрсеткен.
Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында Жасурбек Яхшибоев «Ордабасы» сапында 17 кездесу өткізіп, 9 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или