Стас Покатилов Лихтенштейнге қарсы матчқа қатыспайды

Стас Покатилов Лихтенштейнге қарсы матчқа қатыспайды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге қарсы ойынға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стас Покатилов жеке себептермен Қазақстан құрамасынан кетіп қалды. Сондықтан ол Лихтенштейнге қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында ойнамайды.

Қақпашылар Мұхаммеджан Сейсен, Александр Заруцкий және Темірлан Анарбеков Ұлттық құрамада қалды.

Ойын наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или