«Астана» шабандозы «Каталония Вуэльтасының» бірінші кезеңінде 14-орын алды

Бүгін Испания жолдарында «Каталония Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы кезеңінде ұлыбританиялық Мэтью Бреннан (Visma | Lease a Bike) жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарды Alpecin-Deceuninck командасының велошабандозары аустралиялық Кэйден Гровс пен нидерландтық Тибор дель Гроссо иеленді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Мартин Лопес көрсетті, ол кезеңді 14-болып аяқтады. Ваут Пулс 33-орын, Лоренцо Фортунато – 40-орын, Иде Схеллинг – 48-орын, Хенок Мулюбырхан – 75-орын, Даррен ван Беккум – 80-орын, ал Хаоюй Су 146-орын алды.
«Каталония Вуэльтасы». Бірінші кезең. Sant Feliu de Guíxols — Sant Feliu de Guíxols (178,6 км)
1. Мэтью Бреннан (Великобритания, Visma | Lease a Bike) — 4:25:17
2. Кэйден Гровс (Австралия, Alpecin-Deceuninck)
3. Тибор дель Гроссо (Нидерланды, Alpecin-Deceuninck)
...
14. Мартин Лопес (Эквадор, «Астана»)
33. Ваут Пулс (Нидерланды, «Астана») — +0:22
40. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +0:52
48. Иде Схеллинг (Нидерланды, «Астана») — +1:25
75. Хенок Мулюбырхан (Эритрея, «Астана») — +2:52
80. Даррен ван Беккум (Нидерланды, «Астана») — +3:19
146. Хаоюй Су (Китай, «Астана») — +14:02.