Асхат Тағыбергеннің Қазақстан құрамасындағы жалақысы белгілі болды

Асхат Тағыбергеннің Қазақстан құрамасындағы жалақысы белгілі болды

Қазақстан құрамасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің ұлттық құрамадағы рөлі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Ол — қазақ футболына аса зор үлес қосқан адам. Егер ол қазір: «Мен енді құрамада ойнамаймын, шаршадым, кетемін», — деп айтса, біз оған ештеңе дей алмаймыз. Себебі Қазақстан құрамасында ойнағаны үшін оған бір тиын да төленбейді. Ол ұлттық құрама үшін отбасын, жеке шаруаларын қалдырды, бас тартуға да болар еді, — деді Мәулен «Fonteam» подкастында.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің жалақысын жариялаған болатын. Қала басшысының айтуынша, футболшы 20 миллион теңге жалақы алады және клубпен қазіргі келісімшартын бұзғысы келмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или