Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Атырау» командасы «Есілден» басым түсті

Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының топтық бәсекесінде «Атырау» мен «Есіл» алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл Б тобындағы алғашқы кездесу еді.
Ислам Жұмабеков жаттықтыратын атыраулықтар ойын тізгінін бірден қолына алып, матч аяқталғанша сол қарқынынан танған жоқ – 3:0 (25:22, 25:15, 25:18).
Осылайша, өткен жылы төртінші орынға табан тіреген атыраулықтар биыл да жүлдеге таласудан үмітті екендіктерін байқатты.
«Атырау» ертең «Буревестник» (Алматы) клубымен ойнайды. Бұл топтан жартылай финалға жолдама алған команда «Жайықпен» (Орал) кездеседі.
А тобында сейсенбі күні «Жетісу» (Талдықорған) – «Павлодар» өзара сынға түседі.