Күрестен Азия чемпионаты: бірінші күннің белдесулері анықталды

Күрестен Азия чемпионаты: бірінші күннің белдесулері анықталды

25 наурыз күні Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін біріншіліктің жеребесі тартылып, Қазақстан спортшыларының қарсыластары анықталды. Алғашқы күні боз кілемге грек-рим күресінің балуандары шығады. 

55 келіде Ербол Камалиев иорданиялық М.Алкадемен кездеседі. Жастар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы (63 келі) үндістандық Умешпен күш байқасады.

Былтырғы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған Ибрагим Магомадов 77 келіде бұл жолы жарыс жолы Д.Лимен (Корея) белдесуден бастайды. 

87 келіде Сатаев біріншілікті ширек финалдан бастайды. Оның қарсыласы – қырғызстандық А.Жанышов. Аса ауыр салмақта Париж Олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов ширек финалда қарсыласын күтеді. Сыздықов кіммен белдесетіні Ирак-Үндістан жұбында анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или