Британиялықтар Дастан Сәтпаевтың өнеріне тәнті болуда

Британиялықтар Дастан Сәтпаевтың өнеріне тәнті болуда

Британиялық WalesOnline.co.uk порталы қазақстандық жас футболшылар туралы оң пікір жазыпты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Шетелдік басылым ұлттық команданың Уэльске қарсы өткен ойынындағы жас футболшылары жайлы пікір айтқан еді. 

«Қазақстан футболы әлі де болсын кең аудиторияның назарында емес. Бірақ Дастан Сәтпаевтай 16-жасар өреннің ағылшын премьер-лигасына ауысуы бұл жағымсыз тенденцияны өзгертуі ықтимал»,- делінген басылымның материалында. 

Айта кетейік, 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта Дастан Сәтпаев 75-минутта алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебютін жасады.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или