Стас Покатилов Лихтенштейнмен өтетін матчқа қатыспайды

Стас Покатилов Лихтенштейнмен өтетін матчқа қатыспайды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Лихтенштейнге қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Ербол Қайыров өзінің Telegram арнасында хабарлады:

«Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Ұлыбританиядан кейін өз клубына оралады. Лихтенштейнге қарсы матчта «Сабахтың» голкипері ойнамайды.

Демек, Вадуцта қақпашылардан Александр Заруцкий немесе Мұхаммеджан Сейсен негізгі құрамда шығуы әбден мүмкін».

Уэльспен өткен матчқа Александр Заруцкий негізгі құрамда шыққан болатын. Аталған ойын 3:1 есебімен Уэльс құрамасының пайдасына аяқталған еді.

Қазақстан топ аутсайдерлері Лихтенштейнмен 25-інен 26-сына қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те ойнайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или