Абат Айымбетов пен Александр Марочкин мерейтойлы матчтарын өткізді

Абат Айымбетов пен Александр Марочкин мерейтойлы матчтарын өткізді

Наурыздың 22-нен 23-іне қараған түні Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс құрамасына қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған матчта, ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетов матчтың 74-минутында алаңға шығып, Қазақстан құрамасындағы 45-ші ойынын өткізді. 29 жастағы шабуылшының еншісінде 9 гол бар.

Ал негізгі құрамда шыққан Александр Марочкин 50-ші матчына қатысты. 34 жастағы қорғаушы ұлттық құрама сапында гол соқпаған екен.

J тобындағы ойын 3:1 есебімен Уэльс құрамасының пайдасына аяқталған еді. Келесі ойында Қазақстан топ аутсайдерлері Лихтенштейнмен ойнайды. Матч наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или