Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы бірінші себетте болады

Ұлттар лигасы 2026/27 жылғы маусымының С дивизионы бойынша жеребесінде Қазақстан құрамасы бірінші себетте болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- 1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;
- 2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;
- 3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;
- 4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.
Жеребе тарту рәсімі 2026 жылы өтеді, бірақ әзірге нақты уақыты белгісіз.
Қазақстан құрамасы осы маусымда Ұлттар лигасында В тобында өнер көрсеткен болатын. Топтағы алты матчта бір ұпай ғана жинап, С тобына түсіп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или