Лихтенштейн - Қазақстан ойынына кім төрелік ететіні белгілі болды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Лихтенштейн мен Қазақстан құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші турындағы матчқа төрелік ететін төрешілердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, кездесу 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні (сағат 00:45-те) Лихтенштейн астанасы – Вадуз қаласында өтеді.
Бас төреші болып шотландиялық Джон Битон тағайындалды. Оған лайнсмендер Дэниел МакФарлейн мен Дэвид Макгечи көмектеседі. Төртінші төреші рөлін Дэвид Дикинсон орындайды.
VAR бөлмесінде шотландиялық Кевин Клэнси отырады. Оның көмекшісі даниялық Йонас Хансен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или