Футбол. ӘЧ-2026. Еуропадағы іріктеу топтарының қорытынды құрамы анықталды

Ұлттар лигасының ширек финалының қарымта матчтарының қорытындысы бойынша 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің топтарының соңғы құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
А тобы: Германия, Словакия, Солтүстік Ирландия, Люксембург
В тобы: Швейцария, Швеция, Словения, Косово
С тобы: Дания, Греция, Шотландия, Беларусь
D тобы: Франция, Украина, Исландия, Әзірбайжан
Е тобы: Испания, Түркия, Грузия, Болгария
F тобы: Португалия, Венгрия, Ирландия, Армения
G тобы: Нидерланды, Польша, Финляндия, Литва, Мальта
H тобы: Австрия, Румыния, Босния және Герцеговина, Кипр, Сан-Марино
І тобы: Италия, Норвегия, Израиль, Эстония, Молдова
J тобы: Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония, Қазақстан, Лихтенштейн
К тобы: Англия, Сербия, Албания, Латвия, Андорра
L тобы: Хорватия, Чехия, Черногория, Фарер аралдары, Гибралтар
2026 жылғы әлем чемпионатында Еуропадан 16 команда қатысады.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Канада, Мексика және АҚШ-тың 16 қаласында өтеді. Финал Нью-Йоркте өтеді.