Португалия Ұлттар лигасының жартылай финалына шықты

Португалия Ұлттар лигасының жартылай финалына шықты

Португалия мен Дания құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалының қарымта кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Лиссабондағы Хосе Альваладе стадионында өтті. 

Португалия құрамасы матчтың негізгі уақытында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, екі матчтың жалпы есебі бойынша таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта португалиялықтар тағы екі рет гол соғып, жалпы 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаз команданың голдарын Франсиско Тринкао (дубль), Криштиану Роналду және Гонсало Рамос соқты. Даниялық қорғаушы Йоаким Андерсен автогол авторы атанды.

Дания құрамасы сапында Расмус Кристенсен мен Кристиан Эриксен мергендік танытты.

УЕФА Ұлттар лигасының 1/2 финалында Португалия құрамасы Германияға қарсы ойнайды. Матч 4 немесе 5 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или