Ұлттар лигасы: Германия жартылай финалға шықты

Ұлттар лигасының ширек финалындағы Германия - Италия текетіресі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Дортмунд стадионында өтті. Матч 3:3 есебімен аяқталды, бірақ жалпы есепте 5:4 есебімен неміс командасы жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалына өтті.
30-минутта Германия құрамасының қорғаушысы Джошуа Киммих пенальтиден есеп ашты. 36-минутта Джамал Мусиала алаң иелерінің есепті еселей түсті. 45-минутта Тим Клайндиенст таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. 49-минутта Моиз Кин Италияның алғашқы голын соқты. 69-минутта Кин дубль авторы атанды. 90+5-минутта Джакомо Распадори пенальтиден таразы басын теңестірді.
УЕФА Ұлттар лигасының 1/2 финалында Германия құрамасы Португалиямен ойнайды. Матч 4 немесе 5 маусымда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или