Қазақстандық боксшының қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшының қарсыласы белгілі болды

5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Ақниет Әлімбай жекпе-жек өткізеді, қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс Аренадағы» шараның алғашқы жекпе-жегінде Ақниет Йозеф Дубскиймен кездеседі. 23 жастағы чехиялық спортшы кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп, бір жеңісі бар. Өз кезегінде Әлімбай кәсіпқой ретінде екі рет жекпе-жек өткізіп, екі жекпе-жегінде де жеңіске жетті. 4 раундтық жекпе-жек (68,9 келі) салмақта өтеді.

Кештің басты кездесуінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын франциялық Анауэль Нгамиссенге қарсы қорғайды.

Сондай-ақ турнирде Сұлтан Зәуірбек, Батыр Жүкембаев, Баходир Джалолов және т.б боксшылар жекпе-жее өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или