Нурмагомедов октагонға оралуды жоспарлап отыр

Bellator ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Усман Нурмагомедов октагонға қайта оралатын уақытын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Желіде ол Хабиб Нурмагомедовпен түскен суретін жариялап, оған:
«Үлкен ағаммен бірге біртіндеп жаттығуға кірісіп жатырмыз. Жаздың соңына қарай октагонға оралсам деймін» — деп жазды.
26 жастағы Усман ММА-де әлі жеңілмеген: оның еншісінде 19 жекпе-жекте 19 жеңіс бар. Соңғы рет ол ирландиялық Пол Хьюзбен кездесіп, төрешілер шешімімен (47-47, 48-46, 48-46) Bellator чемпионы атағын сәтті қорғап қалған еді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Усманның PFL турниріндегі титулдық жекпе-жекте сол аяғынан жарақат алғаны хабарланған болатын. Қазір ол біртіндеп жаттығуға кірісіп, келесі жекпе-жекке дайындалып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или